Медицинский центр Medical Assistance Group

Құрметті сайт оқырмандары! Назарларыңызға медициналық Ассистанс — «Medical Assistance Group» ЖШС ұсынамыз. Біздің Ассистанс 2005 жылы шағын Серіктестік ретінде құрылып, артынша «СК «ЕВРАЗИЯ» АҚ сақтандырылған, ауырған жағдайда пайдаланылатын ерікті сақтандыру бағдарламаларына сәйкес, бері сапалы медициналық қызмет көрсетіп келе жатқан үлкен медициналық ұйымға айналды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бойынша сақтандырылған адамдардың, яғни Ассистанс клиенттерінің саны 60 000 адам және бұнымен тоқтап қалмайды! Қазіргі уақытта Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында ең заманауи құрылғылармен жабдықталған Ассистанстың 4 жеке клиникасы бар (оның бірі – премиум-кластағы стоматологиялық орталық). Сақтандырылған адамдардың, одан бөлек Ассистансқа келіп қаралатын өзге де қазақстандықтардың және шетел азаматтарының денсаулығымен орталықтағы өз ісінің кәсіби мамандары 500-ге жуық штаттағы қызметкерлер айналысады. Сонымен қатар, Ассистанстың қызметкерлері Қазақстан Республикасының барлық аумағында серіктес клиникаларда медициналық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізеді. Ол үшін Ассистанстың барлық мүмкіндіктері қарастырылған: тәулік бойы қызмет көрсететін байланыс орталығы, жеке жедел жәрдем бригадасы, дамыған медициналық желісі, жоғары білікті кадрлары, кең профилдегі кеңесшілері бар. Сақтандырылған емделушілерге медициналық қызмет көрсетуден бөлек, Ассистанс тікелей заңды компаниялармен және жеке тұлғалармен бірлесе жұмыс жасайды. Мәселен, депозиттік бағдарламалар ұсынады, іс-шараларды жүргізумен айналысады, кеңселерде қызметкерлерге жоспарлы консультациялар мен медициналық тексерулер жүргізеді, жүкті әйелдерге, балаларға бақылау жасайды және басқа көптеген іс-шаралармен айналысады. 

медицинский центр Medical Assistance Group г.Астана, шоссе Коргалжын 13/2

Қазіргі таңда біз «Medical Assistance Group» ЖШС – заманауи технологиялары мен ең жаңа жабдықтары бар, сапалы қызмет пен жақсы нәтиже ұсына алатын, әр пациентке көрсететін қызметі, жауапкершілгі мен қамқорлығы мол, жоғары деңгейдегі мамандары бар орталық деп сеніммен айта аламыз. Біздің мамандардың көмегіне жүгінген адамдардың барлығы тұрақты жанкүйерлерімізге айналып, өздерінің ғана емес, ата-аналарының, балаларының, немерелерінің денсаулықтарын да біздерге сеніп тапсыратынын мақтан етеміз! Себебі, пациенттің денсаулығына қамқор болу – біздің ең басты міндетіміз!

ЛИЦЕНЗИИ

error: