Главная / Біз туралы

216Тимирязев,21 мекенжайы бойынша орналасқан медицина орталығы «Medical Assistance Group» ЖШС құрылымдық бөлімшесі. Медицина орталығы орналасқан ауданда тұратын және жұмыс істейтін сақтандырылушыларға медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсарту үшін құрылған болатын. 2012 жылдың ақпан айында ашылған медициналық қызметтердің толық спектрін көрсететін көп салалы орталық.

 

Біздің ұстаным – «ойластырылған жұмыс жүйесі, емдеудің сапасы мен жеделдігі, қызмет көрсетудің жоғары деңгейі және құпиялылығы».

 

Клиника ересектер мен балаларға білікті медициналық жәрдем көрсету үшін барлық қажеті жабдықтармен қамтылған. Бұл дегеніміз – ең жаңа кәсіби жабдықтар, медицина саласының білікті қызметкерлер құрамы, мамандары, арнайы жабдықталған жедел және шұғыл медициналық жәрдем бригадалары, заманауи зертхана, УДЗ және рентген диагностикасы, физио, емдік дене шынықтыру кабинеттері, стоматология, күндізгі стационар және дәріхана.

 

Клиника мамандарының кеңес беру мен оперативті қызметінің тәжірибесі мол және өздерінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отырады. Осы салада жұмыс істеген жылдар ішінде клиника мамандары жоғары нәтижеге қол жеткізіп қана қоймай, пациенттердің алғысына бөленіп, сонымен қатар әріптестері арасында да жақсы атаққа ие болды. Клиниканың дәрігерлері пациентке ерекше ықыласпен қарай отырып біздің медицина орталығының клиенттерімен сенімді және тұрақты қарым-қатынас орната білді, ал бұл дегеніміз өз кезегінде науқастардың дерттен толықтай айығып кетуінің ең маңызды құрамдасы. Жылдан жылға біздің клиенттердің саны ұлғайып келе жатыр, олар өз уақытын бағалайтын және сапалы медициналық қызметті, қызмет көрсетудің жоғары деңгейін, ыңғайлылықты, жанға жайлылылықты таңдайтын адамдар.

 

215«Medical Аssistance Group» ЖШС медицина орталығының ыңғайлылығы, жайлылығы және ең заманауи дигностикалық және емдік аппаратурасы барлық қажетті ем-шараларды бір жерде, шаршатын көшіп-қонусыз жасауға мүмкіндік береді

 

Біз аптасына 6 күн жұмыс істейміз, қабылдауға алдын ала жазылу және жедел жәрдем дәрігерін шақыру үшін ыңғайлы тәулік бойғы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді.

 

Біздің медицина орталығына қош келдіңіз!

 

Медициналық қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензия

Фармацевтикалық қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензия