Главная / Винирлер — бұл кермаикадан жасалған өте жұқа пластинкалар.

Гилева
Винирлер — бұл кермаикадан жасалған өте жұқа пластинкалар. 
Винирлерді пациент тістің түсі мен формасын өзгерту арқылы бет-әлпеттің күлген кездегі өңін жақсартқысы келгенде, ал тісті ағарту мен оның реставрациясы қажет нәтижені бермеген кезде қолданады.  Кейбір кездері винирлерді алдыңғы тіске пломба салған кезде де қолданады.

 

Винирлер мынадай қиындықтарды шешеді:
– Пигментация;

– ескі, өңі кеткен пломбалар;
– нақыстар мен сызаттар;

– тістердің арасы ашылып кеткенде;
– тістердің жетілмегендігі немесе қысқа болуы;
– тіс түсі мінсіз болмағанда;
– жеңіл тығыз орналасуы.

 

артықшылықтары:
• Винирлер бет-әлепеттің күлген кездегі өңін елеулі түрде жақсартады.
• тістің түсі мен формасы пациенттің қалауы бойынша таңдалады.
• мықты бекітіледі және нық тұрады.

 

Винирлер диоксид цирконий мен медициналық керамикадан жасалады. Бұл винирлерді жасау кезінде пайдаланылатын ең мықты материалдар.

Керамика өз тісіңіз сияқты қабілетке ие,
уақыт өте келе сарғаймайды және қараймайды, түске боялмайды және тіс өңезін жинамайды.

Процессі:
• Консультация. Винирлердің формасы мен түсі айқындалады.
• тістердің алдыңғы қабаты дайындалады.
• Тістің бедер көшірмесі алынады.
• Керамикалық салымдарды жасау. Винирлер пациенттің өзінің тіс бедерінен ғана жасалады.
• Винирлерді бекіту. Ұзақ қызмет көрсету мерзімін қамтамасыз ететін арнайы клей пайдаланылады.