Педиатр кеңестері

Педиатр — әртүрлі жастағы балалардың сырқатын емдеумен және оларды алдын ала емдеумен айналысатын балалар дәрігері. Педиатр балаларды емдеу мәселесіне ғана емес, сондай-ақ балалар ағзасының берік болуы мен бала ағзасының ерекшеліктері мәселелеріне көмектеседі.


Офтольмолог кеңесі

Офтальмолог (көз дәрігері) — көз ауруларын және қосалқы мүшелер – қабақ, көзжас бездерін диагностикалаумен және емдеумен айналысатын дәрігер. Көз дәрігері көздің нашарлауына диагностика жүргізеді және емдейді, көздің қысымын қалпына келтіреді, көз және көз жүйесінің қабынуын емдейді.


Акушер–гинеколог кеңестері

Акушер-гинеколог — жүкті болу, жүктілікті сақтау және бала туу мәселелерін шешетін дәрігер, ол әйел денсаулығының түрлі патологиясын емдейді және толық диагностика жүргізеді. Маман “кольпоскоп” аппаратымен барлық қажетті зерттеулерді жүргізеді және сараптамалар нәтижесінде  электрокоагулятор және басқа құралды пайдалана отырып емдейді.


Кардиолог кеңесі

Кардиолог — стенокардия, аритмия, артериалдық гипертония, жүрек соғысының бұзылуы, кардиомиопатия, миокард инфаркты, жүрек ақауы және басқа аурулар сынды жүректің түрлі ауруларын емдеуге және диагностикалауға мамандандырылған дәрігер. Бұдан басқа дәрігер жүрек ауруларының алдын алу мәселелеріне көмек береді.


Маммолог кеңесі

Маммолог — мастопатия, мастит, фиброма, киста және сүт безінің басқа ауруларын емдеуге мамандандырылған дәрігер. Заманауи жабдықтардың арқасында маммография, онкомаркерлерге тестілер, сүт безі УДЗ, гистологиялық зерттеулер сынды диагностикалық шаралардың жоғары сапасын қамтамасыз етеді.


Эндокринолог кеңесі

Эндокринолог — эндокринді жүйе ауруларына бейімделген дәрігер. Эндокринді аурулар ауыр және ұзақ жүреді. Сондықтан ауруды ерте анықтаған өте маңызды. Себебі бастапқы кезеңде аурудың ары қарайғы дамуының алдын алуға болады.


Невропатолог кеңесі

Невропатолог — орталық жүйке жүйесінің және перифериялық жүйке жүйесінің зақымдануымен байланысты ауруларды емдейтін және диагностика жүргізетін дәрігер. Дәрігер қажетті зерттеулерді тағайындайды және нәтижелері бойынша тиімді емдеу курсын береді.


Тіс дәрігерінің қызметтері

Тіс дәрігер — ауыз қуысын диагностикалаумен, емдеумен және ауруларын алдын алумен айналысатын дәрігер. Біздің дәрігерлер Сіздің әрбір тісіңізді зерттейді, тіс иектерінің қандай жағдайда екенін бағалайды, емдеу мен протездеудің ең заманауи әдістерін пайдалана отырып қандайда бір мәселені шешуге жол көрсетеді.


Хирург-травматолог қызметтері

Хирург-травматолог – тірек-қозғалыс аппаратын диагностикалаумен және емдеумен айналысатын және қажет болғанда жедел араласатын кең шоғырлы дәрігер. Біздің клиниканың маманы қысқа мерзімде Сізге жараны таңу, тігісін алу, репозиция, гипс салу, лангеттер орнату сынды қажетті көмекті көрсетеді, ары қарайғы ем мен оның алдын алу мәселелері бойынша кеңестер береді.


УДЗ дәрігерінің кеңесі


Ультрадыбысты зерттеу (УДЗ) —
адам ағзасының сигналдық эхолакциясына негізделген әдіс, ультрадыбысты толқындар көмегімен зерттеу. Клиника Сізге заманауи жабдықта ауруды тиімді диагностикалау үшін ультрадыбыстық зерттеудің барлық түрін ұсынады.


Страницы: 1 2