Главная / Біз туралы

236

Біздің ұстаным – «ойластырылған жұмыс жүйесі, емдеудің сапасы мен жеделдігі, қызмет көрсетудің жоғары деңгейі және құпиялылығы».

Атырау қаласында «MEDICAL ASSISTANCE GROUP» ЖШС жаңа медицина орталығы ашылды. Медицина орталығында ересектер мен балаларға білікті медициналық көмек көрсету үшін қажеттінің бәрі бар; клиника үздік әлемдік өндірушілердің ең жаңа жабдығымен жабдықталған. Медицина орталығында лабораториялық зерттеулер, УДЗ диагностикасы жасалады, физиокабинет, стоматологиялық кабинет, күндізгі стационар, дәріхана бар; тәулік бойғы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді.

237Клиника мамандарының кеңес беру мен оперативті қызметінің тәжірибесі мол және өздерінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отырады. Осы салада жұмыс істеген жылдар ішінде клиника мамандары жоғары нәтижеге қол жеткізіп қана қоймай, пациенттердің алғысына бөленіп, сонымен қатар әріптестері арасында да жақсы атаққа ие болды. Клиниканың дәрігерлері пациентке ерекше ықыласпен қарай отырып біздің медицина орталығының клиенттерімен сенімді және тұрақты қарым-қатынас орната білді, ал бұл дегеніміз өз кезегінде науқастардың дерттен толықтай айығып кетуінің ең маңызды құрамдасы. Жылдан жылға біздің клиенттердің саны ұлғайып келе жатыр, олар өз уақытын бағалайтын және сапалы медициналық қызметті, қызмет көрсетудің жоғары деңгейін, ыңғайлылықты, жанға жайлылылықты таңдайтын адамдар.

Біздің медицина орталығына қош келдіңіз!

Медициналық қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензия

Фармацевтикалық қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензия